«Балажан-2050» балабақшасы

Жібек Жолы ауылы, Абылайхан көшесі 16/3

Біз туралы
"Балажан-20250" балабақшасы— бұл балалардың өзін үйдегідей сезінетін, күн сайын жаңалықтар ашатын және достарымен бірге қуанышқа бөленетін сиқырлы мекен. Біз әр баланың жеке тұлға ретінде дамуына және оның табиғи талантын ашуға жағдай жасаймыз. Балабақшамызда 3 топта 37 бала бар. Оқыту тілі қазақша.
Біздің артықшылықтарымыз
Білікті мамандар
Тәжірибелі, мейірімді және өз ісін сүйетін педагогтар мен тәрбиешілер.
Қауіпсіз орта
24/7 бейнебақылау, күзет жүйесі және толық жабдықталған қауіпсіз ойын алаңдары.
Дұрыс тамақтану
Балалардың денсаулығына арналған 4 мезгіл дәруменге бай, теңгерімді мәзір.
Тәрбиелеу-білім беру процесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
  • Физикалық қасиеттерді дамыту
    Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
  • Коммуникативтік дағдыларды дамыту
    балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.
  • Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
    Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
  • Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
    Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қамтиды.
  • Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
    Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Балаңызға жайлы орта іздесеңіз, сынақ күніне жазылсаңыз болады
Жазылу
Хабарласу
Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы
Басшы блогы
Басшы
Хасенова Майгуль
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­ әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз.
Балабақша өмірінен үзінділер
Студенты занимаются в помещении студии и зале для презентаций

Жаңалықтар

Мемлекеттік аттестация
Өзін-өзі бағалауы
Толық құжаттар
Бейнероликтер
Балабақша — баланың уақытын өткізетін орын емес, оның тұлға болып қалыптасатын алғашқы мекені
Байланыс
Балбақша мекен-жайы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылы
Абылайхан көшесі 16/3 үй
Байланыс
8 708 907 49 68
maigul18@mail.ru
Made on
Tilda